CNN: «Хезболла» Израильге қарсы арнайы дрондар қолданады

«Хезболла» ұйымы Израильге шабуыл кезінде арнайы камикадзе-дрондарын қолданады.

Бұл туралы Израильдің ұлттық қауіпсіздікті зерттеу институтына сілтеме жасай отырып, америкалық CNN телеарнасы хабарлайды.

Өндірісте бағасы арзан әрі қолданыста оңай бұл аппараттарды әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің анықтауы қиын. Өйткені олар ұшу кезінде қозғалыс бағытын өзгерте алады. Жақында «Хезболла» ұйымы осындай ұшу аппараттарымен Израильдің әуе базасына шабуыл жасаған еді. Салдарынан 4 адам қаза тауып, 60-тан астамы жараланған.