«Шекарасыз дәрігерлер» Ливандағы қызметін жартылай тоқтатты
«Шекарасыз дәрігерлер» халықаралық гуманитарлық ұйымы Ливанның атыс жүріп жатқан өңірлерінде өз қызметін жартылай тоқтатты.
Оған Израильдің шабуылдарды үдетуі себеп. Кейінгі бір айда Ливанда денсаулық сақтау нысандарына 18 соққы жасалған. 72 медицина қызметкері қаза тауып, тағы 40-ы жараланды. Кейінгі апталарда елдің оңтүстігінде 96 аурухана жабылып қалған. Халықаралық ұйымдар мұның бәрі елдің денсаулық сақтау саласындағы жағдайын күрт ушықтырып бара жатқанын ескертеді.