Әлем елдері Ливанға гуманитарлық көмек жіберді

Әлем елдері бірінен соң бірі Ливанға гуманитарлық көмек жөнелтіп жатыр.

Солардың қатарында Венесуэла да бар. Латын Америкасындағы бұл мемлекет босқындарға 14 тонна жүк жіберді. Иран да 4 тонна дәрі-дәрмек, тамақ пен ең қажетті тауарлар жеткізді. Ал Сауд Арабиясы Ливанды күн сайын 80 тоннаға дейін гуманитарлық көмекпен қамтамасыз етіп отыруға әзір екенін мәлімдеді. Мұндағы мақсат – атыс-шабыстан үй-жайын тастап кеткен ливандықтарға қолдау көрсету. БҰҰ дерегі бойынша Израиль әскері мен «Хезболла» арасындағы шиеленіс ушыққалы бір айдан аз уақыт ішінде Ливанның бір млн 200 мың тұрғыны басы ауған жаққа босып кеткен.