Пхеньян Оңтүстік Кореямен арадағы жол қатынасын үзді

Солтүстік Корея көршісі Оңтүстік Кореямен шекарадағы жол учаскелерін бұзып, автокөлік және теміржол қатынасын толығымен үзді.

Мұндай шешім "дұшпандық күштердің" арандатуына байланысты Корей түбегіндегі әскери-саяси "соғыс шегіне жететін жағдайға" сәйкес қабылданды, дейді ресми Пхеньян. Осыған байланысты 14-15 қазан күндері 1,5 миллионға жуық азамат ерікті түрде әскер қатарына қосылған. Солтүстік Корея Қорғаныс министрлігі өкілінің мәлімдемесіне сәйкес, оңтүстік шекараны алдағы уақытта "бекініске" айналдыру жұмыстары қолға алынады.