Германияда маймыл безгегінің жаңа штаммы анықталды
Германияда маймыл безгегінің жаңа штаммы анықталды, деп хабарлайды 24kz.
Роберт Кох атындағы Вирусология институтына сілтеме жасаған «Эй-Пи» агенттігінің хабарлауынша, науқас ауруды шетелден жұқтырып әкелген.
«Жаңа вирус өте жұқпалы», - дейді ғалымдар. Жағдай ушықса, дәрігерлер тұрғындар үшін нұсқаулық таратуы мүмкін. Бұған дейін жаңа штамм Швеция, Пәкістан мен Таиландта тараған болатын. Ал жыл басынан бері Африкада маймыл безгегінен 1100 адам ажал құшқан. Негізі маймыл шешегі сирек таралатын індет. Оның белгілері – жоғары температура, жүрек айну, дене қышып, бөртеді. Сонымен қатар бұлшықеттер қатты ауырады.