Литвадағы парламент сайлауында оппозиция жеңіске жетті

Литвадағы парламент сайлауының екінші кезеңінде оппозициялық социал-демократиялық партия жеңіске жетті.

Осылайша фракция Сеймдағы 141 орынның 52-сін иеленбек. Ал билік басындағы консерваторлар партиясының еншісіне 128 мандат тиеді. Осыған дейін танымал болып келген оңшыл-центристер коалциясының басынан бағы тайды. Бұған инфляция және бай мен кедей арасындағы алшақтық себеп. Социал-демократтар сайлауалды науқанында ішкі және әлеуметтік саясатқа басым бағыт берген болатын.