Биткоин бағасы көтерілді
Биткоин құны тағы да көтерілді.
Цифрлық валюта кейінгі тәулікте 5% -дан астамға өсіп, 80 мың доллардан асты. Бұл жаңа рекордтық максимум. Криптовалюта құны АҚШ-тағы сайлаудан соң күрт көтерілді. Апталық өсім 18%-ға тең. Сарапшылар әдетте демалыс күндері криптовалюта нарығындағы сауда көлемі төмендейтінін айтады. Бұл көптеген инвесторлар мен кәсіби трейдерлердің белсенділікті төмендетуімен байланысты. Алайда осы аптада биткоин бағасының өсуі криптовалюташылар үшін күтпеген жағдай болды. Binance крипто биржасының басшысы Ричард Тенг АҚШ-тағы өткен сайлауды алтын-ғасыр деп атап, крипто индустриясы үшін үлкен жеңіс болды деп мәлімдеді.