Қазақстан мен Өзбекстанның электротехника саласында экономикалық байланысы жанданды
Қазақстан мен Өзбекстанның электротехника саласында сауда-экономикалық байланысы жанданды.
Ішкі нарықта өзара серіктестік орнап, Ташкент технопаркінде өндірілген қондырғылар 5 жылдан бері саудаланып келеді. Ірі нысандар мен кәсіпорындарға арналған климатты реттеу жүйесінің артықшылығы қандай!?
Климаттық қондырғы мектепте орнатылды. «SHIVAKI» брендімен танылған технологиялық жүйенің арқасында оқу ошағының іші жылытылып, жазда салқындатылады. Арнайы сүзгілер арқылы ауа тазарып, автоматты жағдайда желдетіледі.
Жанат Тәжиева, мектеп директоры:
- Мектебімізге 3 жыл бұрын орнатылған қондырғылардың сапасы жағынан ылғалды әрі балалардың аллергияға қарсы деңгейдегі өзінің ерекшелігімен сипатталып отыр. Бірінші кезекте үлкен алғысымызды білдірген болар едік.
Сонымен қатар электротехникалық қондырғылар ойын-сауық орталықтары мен қонақ үйлерде кеңінен қолданыла бастады. Кәсіп иелері 7200 шаршы метр аумақтың температурасын тұрақты түрде сақтап, электр қуатын үнемдеген.
Ержан Сәрсенбаев, қонақүй инженері:
- 5 этажды зданиямызды толықтай суытып, салқындатып тұрады. Электр жағынан сөндірілген уақытта өз қорғаныстары да қарастырылған. Ол жағынан тиімді.
Өзбекстандық өндірушілердің заманауи қондырғылары Шымкенттегі шоурум орталықта ұсынылған. Көрме кеңседе қазақстандық кәсіпкерлер техникалық сипаттамамен танысып, тиімді шарт жасай алады.
Юсуфхон Боситхонов "Texnopark" зауытының қазақстандағы өкілі:
- Қазақстан аумағында 5 жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Қондырғыларымызды қолданушылар саны артып келеді. Сапасы мен қауіпсіздігі жағынан бәсекеге төтеп бере аламыз.
«SHIVAKI» электротехникалық қондырғысы ТМД аумағында саудаланып, Қазақстан нарығында да сұранысқа ие. Жалпы биыл екі ел арасындағы тауар айналымы 895 миллион долларға жеткен.
Нұрсұлтан Мұхамеджан, Самат Нағашбекұлы, Нұрмахан Бекмұратов