Трамп америкалық басылымдарды сотқа берді

Дональд Трамп АҚШ-тың ірі басылымдарын сотқа берді. Солардың арасында танымал The New York Times газеті де бар. Жаңадан сайланған президент оларды сайлауалды науқаны кезінде жалған ақпарат таратып, демократтарға қолдау көрсетті деп айыптап отыр. Сол үшін адвокаттары 10 миллиард долларға өтемақы талап етіп жатыр.

Саясаткердің қаһарына ұшыраған бұқаралық ақпарат құралдарының арасында CBS News телеарнасы да бар. Онда президенттікке таласта Трамп мырзаның бас қарсыласы болған Камалла Харристің сұхбаты көрсетілген. Саясаткер сайлауға араласу үшін бейнежазба өңделгенін айтады. Бірақ телеарна тағылған айыптың бәрін жоққа шығарып отыр.