Джо Байден мен Си Цзиньпин кездесті
Қытай Төрағасы Си Цзиньпин мен Ақ үй басшысы Джо Байден Перуде өтіп жатқан Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық форумында жеке кездесті.
Басқосуда қос көшбасшы ядролық қару саласында жасанды интеллектке адам бақылауын сақтау қажеттігі туралы келісімге келді. Өйткені ядролық қару қолдану туралы шешім адам тарапынан қабылдануға тиіс, дейді олар. Си Цзиньпин Байденге АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп әкімшілігімен киберқылмыстан бастап сауда нарығына дейінгі барлық салада ынтымақтастық орнатуға уәде берді.
Джо Байден, АҚШ Президенті:
- Біз әлемде ең тығыз байланыстағы маңызды елдерміз. Екі ел арасындағы қарым-қатынас күллі әлемге әсер етеді. Сол себепті қос мемлекет арадағы бәсекелестіктің қақтығысқа айналуына жол бермеуі тиіс. Біз кейінгі төрт жылда сенімді серіктес болудың мүмкін екенін дәлелдей алдық деп ойлаймын.