Израиль Газа секторының солтүстігін атқылап, 72 адам қаза тапты
Израиль әскері Газа секторының солтүстігінде Бейт-Лахия қаласына халық көп қоныстанған ауданға шабуыл жасап, 70-тен астам адам қайтыс болды.
Бұл туралы «A News» басылымы хабарлады. Олардың айтуынша, тұрғын үйде ондаған адам болған. Құрбандардың дені – әйелдер мен балалар. Израиль билігі оқиғаға қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.
Айта кетейік, өткен айда Израиль Бейт-Лахияға жақын орналасқан бірнеше шаһарды атқылап, жүздеген палестиналық мерт болды. Жалпы Газа секторында былтыр қазан айынан бері қақтығыстан 44 мыңға жуық адам қаза тауып, 103 мың кісі зардап шекті.
Израиль сондай-ақ Бейруттың оңтүстігіндегі бірнеше елді мекенді бомбалады. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Бұл туралы The Associated Press агенттігі мәлімдеді. Израиль бұл әрекетке сол маңдағы тұрғындарды шұғыл эвакуациялау туралы бұйрық бергеннен кейін барған. Өйткені аталған аумақта «Хезболла» әскері шоғырланған. Таяуда бұған қарсы шара қабылдайтынын айтқан еді. Айта кетейік, Израиль соққысынан осы уақытқа дейін 3500-ге жуық адам қаза тапты.