Филиппинде тайфун салдарынан 1 млн адам эвакуацияланды
Филипиннің солтүстігіне алапат тайфун соғып, миллионнан астам тұрғын эвакуацияланды, деп хабарлайды 24kz.
Апат салдарынан бірнеше үй бүлініп, ондаған ғимаратқа зақым келген. Мамандардың айтуынша, кейінгі бір айда Филиппинде осымен алтыншы рет алапат дауыл тіркелді. Тропикалық циклон Лузон аралының оңтүстік және орталық аймақтарына қарай жылжиды деген болжам бар. Сол себепті билік тұрғындарды аса сақ болуға шақырды.