БҰҰ: Биыл гуманитарлық ұйымдардың 281 қызметкері қаза тапқан

Биыл әлемде қайтыс болған гуманитарлық ұйым өкілерінің саны бойынша "антирекорд" орнады.

Жыл басынан бері ондай 281 қызметкер көз жұмған. Тиісті мәліметті БҰҰ келтіріп отыр. Қайғылы оқиғалардың көбі Газа секторында тіркелген. Ал жалпы аймақта 2023 жылдың қазанында қарулы қақтығыс басталғалы гуманитарлық ұйымның 330-ден аса қызметкері ажал құшқан. Арасында халықаралық мекеме өкілдері де аз емес.