2023 жылы Британияға 750 мың адам көшіп келді
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше 40-қа жуық елдің он бірінде көші-қон рекордтық көрсеткішке жетті.
Мысалы, былтыр Ұлыбританияға 750 мың адам көшіп келген. Бұл корольдік үшін бұрын-соңды болмаған жағдай. Елге келген еңбек мигранттарының жартысынан астамы - денсаулық сақтау саласы мен әлеуметтік қызмет өкілдері. 2023 жылы Ұлыбританиядан бөлек АҚШ, Германия, Канада мен Польшаға да сырттан қоныс аударып келгендер өте көп. Есесіне ұйым құрамына кіретін Түркия, Эстония, Литва, Жаңа Зеландия мен Израильде көші-қон көрсеткіштері күрт төмендеген.