АҚШ-та қазақ дәмханалары көбейіп келеді

АҚШ-та қазақ мейрамханалары көбейіп келеді.

Қазірдің өзінде Чикаго қаласында үш дәмхана жұмыс істейді. Олардың ас мәзірінен қазақ, өзбек, ұйғыр тағамдарының жиырмадан аса түрін табуға болады. Жалпы Чикагоға Орта Азиядан көшіп келгендер өте көп. Осыны ескерген 25 жастағы студент Ақылбек өзбекстандық серіктесімен бірлесіп, азиялықтарға арналған мейрамхана ашқан. Ұлттық тағамдарды ұсыну американдықтарға Қазақстанды таныстырудың бірден-бір жолы, дейді ол.

Ақылбек Тағабергенов, дәмхана иесі:

- Бізде 50-60 пайызы қытайлар, ал қалған 35-40 пайызы өзіміздің адамдар. 10-15 пайызы американдықтар. Америкалықтар көбіне біздің тағамдарды білмеген соң енді енді үйреніп жатыр. Құдай қаласа, екі-үш жыл ішінде жергілікті халық көбірек келеді деген үміттеміз.

Жәнібек Дүзелбай, дәмханаға келуші:

- Елді таныстырудың ең жақсы жолы тамақ. Тамақты ұсына отырып, мәдениетті айтқан кезде оларға жағымды естіледі. Әрі өтеді. Біздің тамақтар оларға жаңа болып көрінеді. Әркез қонақтарымызды осында әкелеміз.