Румынияда президент сайлауының екінші кезеңі өтеді

Румынияда президент сайлауының екінші кезеңі өтеді, деп хабарлайды 24kz.

Маңызды саяси дода 8 желтоқсанға белгіленген. Бірінші кезеңде ешбір үміткер қажетті межелі дауысты жинай алмады. Ал қарсыластарынан алда келген тәуелсіз үміткер Кэлин Джорджескудің нәтижесі 22% қана болған. Одан 3 ұпай аз жинаған қазіргі премьер-министр және Социал-демократиялық партия төрағасы Марчел Чолаку екінші орынға табан тіреді. Келесі тартыс екеуінің арасында өтпек.

«Румыниядағы саяси ахуал ушығып тұр, оның үстіне инфляция рекордты деңгейге жеткен», - дейді сарапшылар.