Илон Маск АҚШ-тағы бюрократияны сынға алды
Пентагонда бюрократияның етек жайғаны сонша баспалдақты жөндеу ғимарат тұрғызудан көп уақыт алады.
Американдық кәсіпкер Илон Маск жоғары лауазымды әскери шенеуніктермен кездесуден кейін әлеуметтік желідегі парақшасында осындай жазба жариялады. Миллиардердің айтуынша, Қорғаныс министрлігі штаб-пәтеріндегі баспалдақтарды қайта жөндеу жұмыстары 24 ай бойы жалғасып келеді. Ал 1940 жылдары дәл осы ғимаратты тұрғызуға 16 ай кеткен. Бұған дейін бизнесмен Вивек Рамасвами Х желісінде бюрократияның тым үлкен шығынға әкеліп жатқанын жазған еді. Айта кетейік, Дональд Трамп жуырда Илон Маск пен Вивек Рамасвами Үкімет тиімділігін арттыру департаментін басқаратынын жариялаған болатын. Бұл мекеме бюрократиямен күресуге, шығындарды азайтуға және федералдық агенттіктерді қайта құрылымдауға жауапты болады.