Э. Макрон «Хезболла» мен Израиль арасындағы бейбіт бітімді қолдайды
Франция президенті Эмманюэль Макрон «Хезболла» мен Израиль арасындағы бейбіт бітімді қолдайды. Ол: «Бұл Ливан мен оның тұрғындары үшін жаңа кезеңді білдіреді», – дейді. Макрон келісімге жету жолындағы ресми Вашингтонның ерекше үлесін атап өтті және Араб Республикасындағы үкіметті орнықтырып, рөлін күшейту қажет деп мәлімдеген. Франция мен АҚШ оқ атпау режимі талабының орындалуын жіті назарда ұстамақ.
Эмманюэль Макрон, Франция президенті:
- Бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оқ
атпау режимін қатаң ұстану, Ливан мен Израильден қашқан адамдарды үйіне оралуға жағдай тудыру және Ливанның егемендігін қалпына келтіру маңызды. Қазіргі қолайлы жағдайды тез пайдалана білуіміз керек. Ливанда шұғыл президент сайлауын өткізіп, күшті үкімет құрып, елді экономикалық және қаржылық жағынан қалпына келтіруге дереу кіріскен жөн. Бірақ біз Газа секторындағы ауыр ахуалды естен шығармауымыз қажет. Франция ол аймақта да соғысты тоқтатып, тұтқындарды босату үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.