Албанияда шеру соңы қақтығысқа ұласты

Албания астанасы Тиранада жаппай тәртіпсіздік болды.

Көшеге шыққан оппозиция өкілдері ел үкіметін жемқорлық бойынша айыптап, оны уақытша технократиялық билік органымен ауыстыруды талап етті. Алайда шеру соңы қақтығысқа ұласты. Осыған байланысты полицейлер ашуға булыққан топты тарату үшін көзден жас ағызатын газ және су атқыштар қолданды. Әзірге қанша адамның зардап шеккені белгісіз. Қамауға алынғандар туралы да ақпар жоқ. Айта өтейін, Албания оппозициясы биліктен 2025 жылғы парламенттік сайлауға дейін уақытша үкімет құруды талап етіп отыр.