Сирияда әскери қақтығыстан 10 мың отбасы қашуға мәжбүр

Сирияда әскери қақтығыс салдарынан 10 мың отбасы жылы орнын суытты. Associated Press агенттігінің хабарлауынша, олар үйін тастап, үкімет бақылауындағы аймақтарда орналасқан босқындар лагерлерін паналауға мәжбүр. Билікке қарсы бас көтерген қарулы топтар Идлиб және Алеппо қалаларын басып алды. Осыдан кейін үкімет әскері кері ығысқан. Қазір олар қарымта соққы беруге дайындалып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, Сириядағы әскери қақтығыс 24 қарашада ушықты. Содан бері 300-ден астам адам ажал құшқан. Оның 20-сы – бейбіт тұрғын.