Грузияда бірнеше күннен бері шеру тыйылмай тұр

Грузия астанасы Тблисиде бірнеше күннен бері тұрғындардың билікке қарсы шеруі тыйылмай тұр.

Мыңдаған адам үкіметтің Еуроодақ құрамына кіру туралы келісімін 2028 жылға шегеру туралы шешіміне наразы. Олар Парламент ғимаратына тас лақтырып, қоқыс жәшіктерін өртеп, полицияны отшашумен үркітті. Жұртты тоқтату үшін құзырлы орган тұрғындарға қарсы шара қолданып, көзден жас ағызатын газ бен су атқыш пайдалануға мәжбүр болған. Кейінгі үш күнде 200-ден астам адам тұтқындалды. Ал 113 полиция қызметкері зардап шекті. Наразылық акциясы Грузияның тағы Батуми, Рустави және Кутаиси қалаларында да өтіп жатыр. Шерушілер жаңадан Парламент сайлауы өтпей, шара жалғаса береді дейді.