Асад әскері Сирияның Идлиб қаласын атқылады

Башар Асад режимінің әуе күштері Сирияның солтүстік-батысындағы Идлиб қаласын атқылап, үш адам мерт болды. Тағы бірнеше адам жарақат алған. Бұл туралы жергілікті азаматтық қорғаныс қызметі хабарлады. Олардың айтуынша, әуе соққысы бейбіт халық қоныстанған аумаққа дөп тиген.

Өткен аптада үкіметке қарсы қарулы күштер Алеппо қаласын бомбалап, елдің батыс бөлігінен провинцияның орталығына қарай жылжыды. 30 қарашада олар қаланың орталығында көп жерді иелігіне алды. Хан-Шейхун аймағын басып алып, Идлиб қаласында бақылауды нығайтты.