Израиль Ливанның оңтүстігіне соққы жасады

Израиль әскері Ливанның оңтүстігін атқылап, 9 адам мерт болды. Тағы 3 адам зардап шекті. Бұл туралы жергілікті денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Олардың айтуынша, ЦАХАЛ қозғалысы соққыны «Хезболланың» Израиль шекарасындағы Шебаа ауданын зымыранмен атқылағаннан кейін қарсы жауап ретінде жасаған. Олар мұны «ескерту соққысы» деп атап, қарулы топты бейбіт келісімді бұзды деп айыптады. Ливан билігі Израильді әскери қимылды тоқтатуға, сондай-ақ өз күштерін Ливан аумағынан шығаруға шақырды. 27 қазанда атысты тоқтату режимі күшіне енгелі Израиль әскері оны 54 рет бұзған.