Башар Асадтың қашып кеткені туралы ақпарат жарияланды

Сириялық көтерілісшілер ел астанасы Дамаскті басып алды.

Олар өз әлеуметтік желілерінде мемлекет басшысы Башар Асадтың режимін құлаттық деп мәлімдеп, жақын арада Сирия халқына алғашқы үндеуін жариялайтынын айтты. Оқиғадан кейін ел премьер-министрі Мұхаммед Ғази әл-Жаляли ресми мәлімдеме жасап, президент Башар Асад Дамасктан қашып кеткен соң билікті тапсыру бойынша кез келген шараларды қабылдауға дайын екенін айтты. Сондай-ақ, ол халық таңдаған үкіметпен ынтымақтасуға дайын екенін жеткізді. Бұл мәлімдемеге жауап ретінде көтерілісшілер жетекшісі, Дамаск қаласындағы мемлекеттік мекемелер, билік ресми түрде берілгенше премьер-министрдің бақылауында қалатынын айтты.