Сирияда өтпелі кезең 18 айға созылады

Сирияда билік ауысқаннан кейінгі өтпелі кезең 18 айға созылады.

Бұл туралы араб еліндегі оппозиция басшысы Хади әл-Бахра жергілікті ақпарат құралдарына айтқан. Сондай-ақ жаңа Конституцияны әзірлеуге тағы жарты жыл қажет болады. Осы уақыт ішінде оппозициялық коалицияның құрамы кеңейтілуі керек. Одан кейін жаңа конституция заңдастырылғанша ел президентінің міндетін атқаратын уақытша үкіметті жасақтау міндеті тұр.