Yonhap: Оңтүстік Корея президентіне шетелге шығуға тыйым салынды
Оңтүстік Корея президентіне шетелге шығуға тыйым салынды.
Мемлекет басшысы қамауға алынуы да мүмкін. Бұл туралы ел полициясына сілтеме жасаған "Рёнхап" агенттігі хабарлады. Мүндай шешімді елдің әділет министрлігі қабылдаған. Президент Юн Сок Ёль өткен аптада елде әскери режим жариялау арқылы "мемлекетке опасыздық жасады", "билігін асыра пайдаланды" деп айыпталуда. Сол кезде мемлекет басшысы "Солтүстік Корея жақтастарына қарсы күрес" деген сылтаумен оппозициялық партиялардың қызметіне тыйым салмақ болған еді. Алайда мұның соңы дауға ұласып, депутаттар ереуілге шығып, Юн Сок Ёль өзі шығарған жарлықтың күшін жоюға мәжбүр болды.