Сирия үкіметін көтерілісшілер тобының жетекшісі басқарады
Сирия премьер-министрі билікті көтерілісшілер тобына өткізуге келісті.
Бұл туралы Мұхаммед Гази Әл-Жалали ресми түрде мәлімдеп, енді Сирия үкіметін «Хайят Тахрир аш-Шам» жетекшісі Әбу Мұхаммед әл-Джулани басқаратынын айтты.
Қарулы топ жетекшісі премьер-министрмен кездесіп, өтпелі үкіметтің жаңа құрамын құру жайын талқылады. Ол келіссөз барысында Башар Асад билігі кезінде қызметке шақырылған барлық сарбазға рақымшылық жасайтынын жариялады. Яғни, олардың қауіпсіздігі жіті бақылауда болады, сондай-ақ, оларға шабуыл жасауға тыйым салынады.