БҰҰ: Сирияның жоғары лауазымды шенеуніктерін жауапқа тарту керек
БҰҰ өкілдері Башар Асад пен Сирияның жоғары лауазымды шенеуніктерін жауапқа тартуға шақырып отыр, деп хабарлайды 24kz.
«Өйткені олар адам құқықтарын бұзды», - дейді.
Халықаралық ұйымның дерегі бойынша 2011 жылы қарулы қақтығыс басталғалы Араб республикасында 100 мыңнан аса адам ізім-ғайым жоғалып кеткен.
«Енді жаңа билік келгенде кінәлілерді жауапқа тартумен айналысу керек», - дейді мамандар. Бұл мәселені Amnesty International халықаралық құқық қорғау ұйымы да көтеріп отыр. Олар Араб республикасында адам құқықтарының бұзылуынан зардап шеккендерге көмек көрсетуге шақырады.