Сан-Паулу мектептерінде телефон қолдануға болмайды
Бразилияның халық ең көп шоғырланған штаты – Сан-Паулу мектептерінде ұялы телефонды қолдануға тыйым салатын заң қабылданды. Құжат қаңтарда күшіне енеді, деп хабарлайды 24kz.
Оқушыларға білім ошағында смартфон ғана емес, смарт сағаттар мен планшеттерді де ұстауға болмайды. Тиісті талап тек сабақта ғана емес, қосымша іс-шаралар кезінде де орындалуға тиіс. Мұндай ереженің қабылдануына оқушылар үлгерімінің төмендеуі себеп. Оның үстіне гаджеттер кесірінен балалар бір-бірімен бұрынғыдай араласпайтын болған. Жүргізілген сауалнамаға сәйкес, бастаманы ата-аналардың 65%-і қолдады. Енді ұялы телефонға тек Сан-Паулу ғана емес, бүкіл ел аумағындағы мектептерде тыйым салу мәселесі талқыланып жатыр.