Әлемде цифрлық жарнама саласы қарқынды дамып келеді

Биыл әлемде жарнамаға кеткен шығын бір трлн доллардан асты, деп хабарлайды 24kz.

Америкалық GroupM инвестициялық агенттігінің мамандары осылай деп топшылайды.

Бұл сарапшылар болжағаннан әлдеқайда көп. Жарнамадан ең көп пайда тапқандар – Google, Meta секілді технологиялық алпауыттар. Мамандар келер жылы да салаға көп ақша құйылатынын болжайды. Әсіресе, цифрлық жарнамамен айналысатындардың табысы артады. Жарнамадағы цифрлық қызметтердің үлесі 73%-ке дейін жетуі мүмкін.