Әлемде қуаңшылық жайлаған жер көбейіп барады

Әлемдегі жерлердің төрттен үшін қуаңшылық жайлаған, деп хабарлайды 24kz.

Бәріне климаттың өзгеруі себеп. Бұл туралы БҰҰ өкілдері хабарлайды. Олардың айтуынша, қазіргідей рекордтық температуралар сақталса, ғасыр соңына таман құрғақшылықтан 5 млрд адам зардап шегуі мүмкін. Ол негізінен Еуропа, Бразилия, Шығыс Азия мен Орталық Африка елдерінің тұрғындары. Мамандар қуаңшылық соңы жерлердің тозуы, су тапшылығы, азық-түлік қауіпсіздігіне ғана кері әсер етіп қоймай, өңірлердің экономикалық дамуы мен климаттық босқындардың көбеюіне кесірін тигізуі мүмкін екенін ескертеді.

Серхио Висенте-Серрано, баяндама авторы:

- Әлемде қуаңшылық жайлаған жерлер көбейіп барады. Қазір сонда 2 млрд 200 млн адам тұрып жатыр. Өкініштісі сол – бұл сан жылдан жылға тек арта түседі.