Еуропа елдері сириялық босқындарға баспана беруді тоқтатты
Еуропаның бірқатар елі сириялық босқындарға баспана беру туралы өтініштерді қарауды тоқтатты, деп хабарлайды 24kz.
Олардың арасында Ұлыбритания, Германия, Австрия, Франция, Норвегия және Нидерланд бар. Мәселен, қазір Германияда баспана алуға 47 мыңнан астам адам өтініш берген. Батыс ақпарат агенттіктерінің хабарлауы бойынша, бұл шешім Сириядағы қазіргі жағдайға байланысты жасалып отыр. Саяси жағдай тұрақталған соң өтініштер қайта қаралады.