Түркиядағы миллиондаған сириялық отанына оралады
Түркия мен Сирия шекарасындағы Яйладаги өткізу бекеті қайта ашылады, деп хабарлайды 24kz.
Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған елдегі миллиондаған сириялықтың өз еліне аман-есен оралуы үшін жағдай жасалып отырғанын айтты. Аталған бекет Түркияның Рейханлы қаласынан 90 шақырым жерде орналасқан. 2013 жылы қарулы шабуыл күшейген кезде уақытша жабылды. Ресми дерекке сәйкес Сириядағы азаматтық соғыс жылдарында 3 миллионнан астам адам Түркияны паналаған. Енді Анадолы елі сириялықтардың өз отанына еш кедергісіз оралуын қамтамасыз етпек.
Мұстафа Сұлтан, сириялық босқын:
- Мен Түркияға 2015 жылы келдім. Құдайға шүкір, соғыс аяқталды. Башар Асадтың биліктен кеткеніне қуандық. Өйткені бұл соғыс бәрімізді қажытты. Өз туған ағамды көрмегеніме 13 жылдан асты. Оның тірі не өлі екенін хабарым жоқ. Дамаскке сол үшін қайтқалы тұрмын. Аман болса екен деп тілеймін.