БҰҰ: Сирияда 16 млн адам гуманитарлық көмекке мұқтаж

Сирияда 14 жылға созылған азаматтық соғыстың зардабын қазір 16 миллионнан астам сириялық тартып отыр. Бұл – Біріккен ұлттар ұйымының келтірген дерегі, деп хабарлайды 24kz.

Ал, кейінгі шабуыл салдарынан 1 миллионнан астам тұрғын Алеппо, Хама және Идлиб провинцияларына көшірілді. Олардың дені әйелдер мен балалар. Сириядағы шабуылдар тоқтаған соң халықаралық ұйымдар гуманитарлық көмек жөнелтуді қайта қолға алмақ. Қазір босқындар орналасқан аймақтарда мобильді топтар мен клиникалар өз жұмысын бастады. Дегенмен, БҰҰ баспасөз хатшысы қорда қаражат аз екенін айтады. Жоспар бойынша белгіленген 4 млрд доллардың тек 30%-і ғана, яғни 1,3 млрд қаражат бөлінген.