Екі ел Шенген аймағына ресми түрде қосылады
Румыния мен Болгария келер жылдың 1 қаңтарынан бастап, Шенген аймағына ресми түрде қосылады.
Қос мемлекет 2007 жылы Еуроодақ құрамына өткен. Содан кейін 3 жыл ішінде Шенгенге қосылуға қажетті техникалық талаптардың бәрін орындаған. Бірақ сол уақыттан бері Австрия қарсылық танытып келді. Себебі бұл заңсыз мигранттардың көбеюіне әкеп соқтырады деп күдіктенген. Биыл наурызда Болгария мен Румыния үшін аймақтағы өзге мемлекеттермен теңіз және әуе арқылы шекара асқанда талап етіліп келген төлқұжат бақылауы алынып тасталған. Бірақ құрлықтағы шекарада тексеру қалған. Былтыр Болгария заңсыз көші-қонмен күрес бойынша пиолттық жобаны іске қосып, ол өз тиімділігін көрсеткен. Осыдан кейін Австрия алған бетінен қайтып, қос мемлекетке Шенген аймағына қосылуға өз рұқсатын берді.