Корея президентінің әйелі күдікке ілінді

Оңтүстік Кореяда бірінші ханым Ким Гон Хиге қатысты арнайы тергеу жүргізіледі.

Ел парламенті тиісті заң жобасын қолдап дауыс берді. Президенттің әйелі бағалы қағаздарға қатысты айла-шарғы жасады, сайлауға араласты, мемлекеттік құпияны таратты деген 15 түрлі күдікке ілінген. Парламент тиісті бастаманы 7 желтоқсанда көтерген. Бірақ ол кезде депутаттардың қажетті дауысы жиналмаған еді.