Нью-Йорктің бірнеше округінде қарға байланысты төтенше жағдай жарияланды
АҚШ-тың Нью-Йорк штатында қалың қар жауып, боран соғып тұр, деп хабарлайды 24kz.
Елді мекендерде көлік қозғалысы қиындады.
Қолайсыз күн райына байланысты аймақ губернаторы Кэти Хокул бірнеше округ аумағында төтенше жағдай жариялауға мәжбүр. Ол әлеуметтік желідегі ресми парақшасында: «Біздің төтенше жағдай мамандары боранға қарсы сақадай сай», - деп жазды. Бірақ куәгерлердің айтуынша, өңірдегі коммуналдық қызмет табиғаттың тосын мінезіне толық дайын болмай шыққан. Метеорологтар тұрғындарға алыс жолға шықпауға кеңес беріп жатыр. Синоптиктер Мичиган штатында да қар қалың түсетінін ескертті.