Сирияда халық Асад билігінің құлауын тойлап жатыр
Сириялық көтерілісшілер Асад билігі құлағаннан кейін алғаш рет ғибадатханада бас қосып, дұғаларын жасады.
Мұнан соң ұрандатып, жалаулатып, жаңадан құрылған үкіметтің әнұранын шырқады.
Жаңа әкімшіліктің бірінші министрі Мохамед әл-Башир жиналған жұрт алдында сөз сөйлеп, халықты ауызбіршілікке шақырды. Сондай-ақ Сирия тарихында жаңа кезеңнің басталғанын айтып, халықты кемел келешек күтіп тұрғанын баяндады. Ал кей тұрғындар елдің солтүстік-батысындағы Асадқа тиесілі Брудж-Ислам курорттық жеріне арнайы барды. Нысанды бүлдіріп, күл-талқанын шығарған. Ызаға булыққан халық Башар Асадтың жиған-терген барлық мал-мүлкін жойып-құртуда. Айта кетейік, үкімет ауысқаннан кейін қарулы топ алғаш рет Асад билігі жарты ғасыр бұрын салған нысандарды көзбен көріп, басып кірді.
Бассель Суфи, жергілікті тұрғын:
- Өз көзіме өзім сене алар емеспін. Олар біз өмірімізде көрмеген, Сирияның тарихында болмаған ғажап ғимараттар салып тастаған. Сирия көшелері көзбен көргісіз, түк әдемі емес. Ал бұлар қажеті үшін қолдан келгенін жасапты.