Францияда жаңа премьер-министр тағайындалды
Францияда жаңа премьер-министрдің есімі белгілі болды.
Бұл қызметке "Демократиялық қозғалыс" партиясының жетекшісі Франсуа Байру тағайындалды. 73 жастағы саясаткер Президент Эмманюэль Макронның жақтасы. Ол кезінде Ұлттық білім беру, сондай-ақ Әділет министрі болды. Бірнеше рет президент сайлауына өз кандидатурасын ұсынған. Өткен аптада бұрынғы премьер отставкаға кетуге мәжбүр болды. Өйткені парламент депуттарының көбі үкіметке сенімсіздік вотумын жариялады. Саяси күштер арасындағы келіспеушілік келер жылға арналған бюджетті бекітуден басталды. Енді жаңа премьер бірінші кезекте осы мәселемен айналысу керек. Сарапшылар елде ауқымды реформалар жүргізілмесе, мемлекеттік қарыз келер жылы жалпы ішкі өнімнің 7 пайызына дейін жетуі мүмкін дейді.