Boeing өндірісті кеңейтеді
Америкалық авиақұрылыс компаниясы Боинг өндірісті кеңейтуге 1 миллиард доллар бөледі.
Инвестиция Оңтүстік Каролинадағы кешенге құйылады. Ол 2009 жылдан бері жұмыс істеп тұр. 2026 жылға таман мұнда айына 10 "Дримлайнер 787" ұшағын шығарып отыру жоспары бар. Қазір көрсеткіш екі есе төмен. Бұл кәсіпорында 8 мыңдай адам еңбек етеді. Өндірісті кеңейту арқылы алдағы 5 жылда тағы 500 жұмыс орыны ашылмақ. Өткен айдың қорытындысы бойынша, Боинг компаниясы 750-ден аса ұшақты тапсырыс берушіге уақытында жеткізбеген. Сөйтіп, жыл басынан бері акциялары 36 пайызға құлдыраған.