Нью-Йоркте қалың қар жауды

Нью-Йорктің батысына қалың қар түсіп, боран соқты.

Қолайсыз ауа райының салдарынан көлік қозғалысы қиындады. Толассыз жауған ақ ұлпадан аяқ алып жүру мүмкін емес. Ал кей штаттың өңірлерінде тұрғындар жұрт өздері қоныстанған аумақты қалың қардан тазартып, жолдарды ашуға кіріскен. Кейбірі шатырға дейін шығып, ақ ұлпаға үйіліп қалған жерлерді күреп, қалыпқа келтіріп жатыр. Кейінгі бірнеше күнде Буффало қаласына 30 см-ге дейін қалың қар түскен. Аймақ губернаторы бірнеше округте төтенше жағдай жариялады. Мектептер мен білім беру орындары әлі қызметіне кіріскен жоқ. Жүріс пен көлік қозғалысы да мүмкін болмай тұр. Билік әзірге тұрғындарды тысқа шықпауға шақырды.