Кубада жанармай тапшы болып тұр
Куба қайтадан жанармай тапшылығына тап болды.
Ел аумағында бүкіл жанармай құю бекеттері жұмыс істемей тұр. Гаванада ұзын-сонар кезекте тұрған көліктерді көруге болады. Мұндай жағдай аймақта бірінші рет болып отырған жоқ. Бұған дейін миллиондаған кубалық отын жеткіліксіздігінен жарықсыз қалған. Мектептер мен кәсіпорындар уақытша жұмысын тоқтатты. Билік бұл дағдарысты АҚШ-тың сауда және қаржылай шектеуімен байланыстырады. Соның кесірінен халықаралық нарықта жанармай сатып алу қиындаған.