Оңтүстік Корея президентіне импичмент жарияланды

Оңтүстік Кореяда парламент Президент Юн Сок Ёльге импичмент жариялауды дауысқа салып, бекітті.

Саяси шешімді Ұлттық ассамблеяның 204 мүшесі мақұлдады. 85 депутат қарсы шықты. Үш адам қалыс қалып, тағы сегіз дауыс жарамсыз деп танылды. Енді мәселені Конституциялық сот қарайды. Ол 6 айға жалғасуы мүмкін. Естеріңізде болса, өткен аптада дауыс беру кезінде басқарушы партияның өкілдері импичмент жариялауға қарсы шығып, отырысқа қатысудан бас тартқан еді. Осыдан кейін Ұлттық Ассамблея спикері сессияны жауып, саяси іс-шара жүзеге аспай қалды.