Николя Саркози сотталды

Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози біржола сотталды.

Жаза мерзімі – 1 жыл. Кассациялық сот үкімді еш өзгеріссіз қалдырған. Мемлекет басшысы жемқорлық үшін сотталған жағдай ел тарихында алғаш рет тіркеліп отыр. Басында Саркозиге 3 жыл берілген болатын, бірақ оның 2 жылы шартты деп ауыстырылды. Сондай-ақ экс-президент қолына электрон білезік тағып тағы 1 жыл үй қамақта отырады. Бұдан бөлек, ол 3 жылға дейін саяси қызметпен айналыса алмайды. Саркозимен бірге оның адвокаты мен судья да сотталды. Қорғаушысы Адам құқығы жөніндегі еуропалық сотқа шағымданатынын айтты. 

Жоакинито Мария Алого Де Обоно, адвокат:

- Кассациялық сот - Францияда арыз түсіруге болатын соңғы орын. Сондықтан Саркози бұл іс бойынша біржола сотталды. Бұл таңба енді ешқашан өшпейді. Бұл президент Саркози ісіне емес, Францияның тарихыны мәңгілікке жазылып қалды. Яғни бұрынғы мемлекет басшысын жемқорлығы үшін жазалауға болады.