Вьетнамда дәмханадағы өрттен 11 адам көз жұмды

Вьетнам астанасы Ханойда өрттен 11 адам көз жұмды.

Қайғылы оқиға дәмханада болған. Билік өкілдерінің мәлімдеуінше, от кіреберіс тұста шыққан. Осыдан кейін іштегі адамдар сыртқа шыға алмай, иіс тиіп көз жұмды. 7 кісі ғимараттың жоғарғы қабатындағы самалдыққа шығып үлгерген. Кейін оларды төтенше жағдай мамандары құтқарды. 2 адам ауруханаға жатқызылған. Полиция жанармай құйып, өртті қасақана қойған 50 жастағы күдіктіні қамауға алды. Ол осының алдында дәмхана қызметкерлерімен ұрсысып қалған екен.