Д. Трамп тағы да «Жыл адамы» атанды
Дональд Трамп британдық Financial Times газетінің нұсқасы бойынша жыл адамы деп танылды.
Басылым саясаткердің Ақ үйге оралуын АҚШ-тың республикашылдар партиясының тарихындағы елеулі оқиғаға теңеп отыр. Өткен аптада ғана америкалық «Тайм» журналы да Трампты «Жыл адамы» деп таныған. Бұл аталым АҚШ-тың жаңадан сайланған Президентінің биылғы сайлаудағы жеңісіне байланысты берілген. Саясаткерден бөлек бұл номинацияға 10 үміткер ұсынылған. Арасында Камала Харрис, Джо Байден, Илон Маск те бар. Негізі Трамп 2016 жылы да дәл осы Financial Times газеті мен «Тайм» журналының нұсқасы бойынша «Жыл адамы» деп танылған еді.