Албания TikTok желісіне тыйым салды

Албанияда келер жылдан бастап Тик Ток қолданылмайды.

Тиісті заңды қабылдаған ел билігі әлеуметтік желінің балалардың тәртібі мен психикасына кері әсері барын алға тартады. Бұл шешімді шығару өткен айда мектепте орын алған тәртіпсіздіктен кейін қолға алынды. Естеріңізге сала кетейік, Тик Ток арқылы оқушылар жанжалдасып, оның арты мектептегі төбелеске айналған. Соның салдарынан 14 жастағы жеткіншек көз жұмған. Осыдан кейін  жергілікті билік Тик Ток қосымшасын пайдалануға тыйым салатын заң жобасын қабылдады.