Түркияда тікұшақ құлады

Түркияда жедел жәрдем тікұшағы апатқа ұшырап, 4 адам көз жұмды.

Қаза тапқандардың екеуі ұшқыш, біреуі дәрігер және жедел жәрдем қызметкері. Оқиға Муғла қаласында болды. Әуе көлігі оқу-зерттеу ауруханасынан шығып, Анталия қаласына бармақ болған. Бірақ ұшу алаңынан көкке көтеріліп бара жатқанда ауруханының 4-қабатына барып соғылып, құлап түсті. Болжам бойынша апатқа ауа райының құбылуы себеп болуы мүмкін. Оқиға кезінде ауданда қалың тұман тұрған. Апаттан ауруханадағы адамдар зардап шекпеген. Қазір апат себептері анықталып жатыр.