Сербия студенттері вокзалдағы апатқа билікті кінәлайды

Сербия астанасы Белградта студенттер ереуіл ұйымдастырды. Наразылық шарасына өткен айда теміржол вокзалында болған апат себеп.

Ол кезде енді ғана жөндеуден өткен вокзалдың шатыры опырылып құлап, 15 адам көз жұмған еді. Оппозиция мен қоғамдық ұйымдар бұған билікті кінәлайды. «Жемқорлыққа жол берілгендіктен құрылыс сапасыз салынған», - дейді. Олармен студенттер де келісіп отыр. Ереуілге қатысқан жастар тергеу өте баяу жүріп жатқанын айтады.