Израильде Хамас кепілге алған адамдардың туыстары үнсіздік жариялады
Тель-Авив қаласында Газада ХАМАС кепілге алған адамдардың туыстары жиналып, бірер сағат үнсіздік жариялады.
Әйел қауымы ақ түсті киім киіп өздерінің тілегін осылай білдірді. Қазір ХАМАС 100 израильдікті тұтқында ұстап отыр. Оларды босату және Газа секторындағы атысты тоқтату туралы қазір АҚШ, Қатар және Мысыр арасында келіссөз жүріп жатыр. Бұл туралы Мысырдың Сыртқы істер министрлігі хабарлаған болатын. Егер талаптар орындалса жыл соңына дейін Газада қақтығыс тоқтауы мүмкін.